ЕЭО елдері жүк көліктеріне навигациялық пломбалар қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕЭО елдері жүк көліктеріне навигациялық пломбалар қойылады

09.11.2021

Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдері жүк көліктеріне навигациялық пломбалар қояды. Кірістер комитетінің хабарлауынша, жаңа талап жүк тасымалын қадағалау үшін енгізілмек. Әсіресе «жалған транзит» пен «жалған импортты» жойып, қазынаға салық түсімдерін арттыру үшін тиімді дейді мамандар.

Әрбір елдің навигациялық пломба арқылы бақылайтын ұлттық операторы болады. Бұл кәсіпкерлер үшін де қолайлы. Тауарды өзге елге қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік алады. Сонымен бірге кедендегі бюрократияны азайтады. Пломбасы бар жүк көліктері бірнеше рет тексеруден өтпейді.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу