«Болашақ» бағдарламасы: Ауыл жастарына жеңілдік көп, үміткер аз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасы: Ауыл жастарына жеңілдік көп, үміткер аз

09.11.2021

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау мерзімі аяқталды. Үміткерлер арасында ауыл жастары әлі де аз. Еске салсақ, былтыр үкіметтің қаулысына сәйкес, елдімекендерде тұратын азаматтарға арнайы жеңілдік қарастырылған еді. Бірақ мүмкіндік бола тұра, жастар белсенділік танытпай отыр, -дейді мамандар. Толығырақ Раушан Сайлауқызының материалы.

Белсенділік танытқан ауыл жастарының бірі - Жаңылсын Құрмаш. Батыс Қазақстан облысына қарасты Подстепной ауылының тұрғыны. Ағылшын тілінің мұғалімі. Өзі туған өңірде ұстаз. Былтыр ауыл жастарына берілген мүмкіндікті ести сала қалт жібермеді. Құжат жинады. Тапсырды. Бұйырса, келер жылы Ұлыбританияға аттанады.

 Жаңылсын Құрмаш, «Болашақ» стипендиясының үміткері: 
Көбіне адамдар байдың балалары, тамыр танысы барлар Болашақпен оқиды деген қате пікір қалыптасқан. Мен бұл стереотиптің өте бұрыс екенін айтқым келеді. Оның айқын мысалы менмін. Осындағы мамандарға айтқым келеді. Бақтарыңызды сынап көріңіздер деп.

Былтыр бекітілген қаулыға сәйкес, үміткерлер ең әуелі шетелдік оқу орындарымен келісіп, шақырту алуы тиіс. Бірақ ауыл жастарына мұндай талап жоқ. Жеңілдік көп. Олар бар болғаны, ауылда 3 жыл тұрғанын, 2 жыл тұрақты қызмет еткенін растауы керек. Кепілдікке мүлік ұсынып та қажет емес. Ең бастысы ағылшын тілді меңгергені маңызды.

Айнұр Кәрібозова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті: 
Шет тіл білім бойынша да талап жоғары. Сондықтан осы қарқынның төмен болуының бір себебі сондықтан осы талаптарды бір немесе екі деңгейге түсіру мәселесі Сондықтан осы талаптарды бір немесе екі деңгейге түсіру білім және ғылым министрлігімен пысықталуда. Тиісті ұсыныстар Президент әкімшіілігіне жасалады деп күтілуде.

Конкурстық іріктеуден сәтті өткен ауыл азаматтары 6 ай қосымша ағылшын тілін тегін үйренеді. Өткен жылдан бастап құжат тапсыру тіптен ыңғайлы. Электронды форматта. Алыс шалғай ауылдан қалаға қатынаудың қажеті шамалы. Бар болғаны «Егов» мемлекеттік порталы арқылы өтінім беріп, құжат толтыру жеткілікті. Биыл 1000нан астам степендия бөлінген. Оның 500-і ғалымдарға арнайы тағайындалды.

 Раушан Сайлауқызы, тілші: 
Тәуелсіздік тарихында «Болашақ» бағдарламасының алар орны ерекше. Өйткені, енді ғана ел болып еңсемізді көтергенде тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ең әуелі жастарға жол ашты. Шетелде білім алуына мүмкіндік берді. Биыл сол тарихи сәтке 28 жыл. Осы уақыт аралығында 11 мыңнан астам түлек сан саланы меңгеріп, елі үшін аянбай еңбек етіп келеді.


Хабарламаларға жазылу