Алматыда зергерлік бұйымдар ұрлаған азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда зергерлік бұйымдар ұрлаған азамат ұсталды

09.11.2021

Алматыда ломбардтан құны 40 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған күдікті арнайы операция барысында ұсталды.

Ол бұған дейін тонау және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Екібастұз қаласының тумасы болып шықты. Полицияның мәліметінше күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. 36 жастағы азамат дабылды өшіретін құрылғыны пайдалану арқылы ломбард орналасқан ғимараттың қабырғасын бұзып кірген. Осылайша, зергерлік бұйымдарды қолды еткен. Күдікті жалдамалы пәтерлерде тұрған, мекенжайын да жиі ауыстырып отырған. Қазір осы фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.


Хабарламаларға жазылу