Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

09.11.2021

Бүгін Президент Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Ол Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгелі бергі 4 айда қол жеткен нәтижелер туралы айтты. Жаңа кодекстің енгізілуі шенеуніктердің ойлау жүйесін өзгертіп тәртібін күшейтуге бағытталған. Жақып Асанов Президентке дау-жанжалдарды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобаларды ілгерілету, біркелкі сот тәжірибесін қамтамасыз ету жөнінде де баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан реформалардың заң үстемдігін толық қамтамасыз етуі қажеттігіне тоқталды. Азаматтар құқығының тиісті деңгейде қорғалуы, қоғамның сот тармағына деген сенімін күшейту де маңызды екендігін атап өтті.


Хабарламаларға жазылу