Жаңа Зеландияда мыңдаған адам локдаунға қарсы шерулетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландияда мыңдаған адам локдаунға қарсы шерулетті

09.11.2021

Жаңа Зеландияда мыңдаған адам коронавирусқа қарсы вакцина алудың міндеттелуіне және локдаундарға қарсы шеруге шықты. Демонстрация бейбіт түрде өтіп жатыр. Қолдарына «Еркіндік» деген жазуы бар плакаттар ұстаған халық қатаң шектеу шараларына жол бермеуді талап етіп, ұрандатты. Наразылық акциясына қатысушылар парламент ғимараты жанына жиналған. Осыған орай ғимаратқа кіре берісте күзет күшейтіліп, полиция мен қауіпсіздік қызметкерлерінің қосымша күштері тартылды. Айта кету керек, Жаңа Зеландияда коронавирустың «дельта» нұсқасына қарсы күрес жүріп жатыр. Ал карантин халықтың 90 пайызы толық иммундалғанда ғана тоқтатылмақ. 


Хабарламаларға жазылу