Семейде тұрғындардың 92 пайызы екпе алды. Бұл 227 мыңға жуық адам. Иммундау әлі де қарқынды жалғасып жатыр. Қаладағы медициналық мекемелерде «Спутник V», «QazVac», «VeroCell» және «CoronaVac» вакциналары жеткілікті. Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша соңғы тәулікте 50 адам індет жұқтырғаны анықталған. Науқастардың дені Семей мен Өскемен қалаларында тіркеліп отыр. Өңір қазір «сары» аймақтар қатарында.
Ержан Жақып