Шри-Ланкада су тасқынынан 6 адам қаза тапты. Ал зардап шеккендер 4 жарым мыңға жуықтап отыр. Құрбандардың екеуі найзағай жарқылдаған сәтте ток тартып мерт болған деген болжам айтылуда. Табиғи апаттан 600-дей үйге зақым келді. Тағы 12 баспана толық қирап қалды. Ал 25 ауданның алтауына лай көшкіні қаупі төніп тұр. Ауа райының әзірге жақсармайтын тәрізді. Табиғаттың тосын мінезі әлі де байқалады дейді мамандар. Жергілікті синоптиктер хабарлағандай, аралдық мемлекетке апта соңында қатты циклон соққы беруі мүмкін.