«ҚазТрансОйл» заңсыз игерген 370 млн теңге үшін айыппұл төлейді. Сондай-ақ желтоқсаннан бастап тариф құнын уақытша түсіреді. Демек ішкі нарықта мұнай тасымалдау ақысы 1 тонна/ мың шақырым үшін 4328 теңге болып бекіді. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазтрансойлдың тасымалдау тарифіне тексеріс жүргізген. Жауапты орган компанияның бекітілген мөлшерден асырып, негізсіз бағаны көтергенін анықтады. Енді тарифті төмендеткеннен бөлек, Қазтрансойл 4,6 млн теңге айыппұл төлейді.
Ақерке Бектас