Лондонның «Хитроу» әуежайынан АҚШ-қа ұшақтар қос-қостан ұша бастады. Құрама Штаттарға кіруге қойылған шектеулер алынып тасталды. Бір-бірімен бәсекелес «Бритиш Эйруейс» пен «Вирджин Атлантик» әуе компанияларының ұшақтары осыдан бірер сағат бұрын көкке көтерілді. Мұндай сапарларға 2020 жылдың наурыздында тыйым салынған еді. Бүгіннен бастап, коронавирусқа қарсы вакциналық паспорты барлар мен тестте теріс нәтиже көрсеткен жолаушылар Америка аумағына кедергісіз кіре алады.
Арыстан Рысбек