Нұр-Сұлтанда бір үйдің алты баласы ажал құша жаздады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда бір үйдің алты баласы ажал құша жаздады

08.11.2021

Нұр-Сұлтанда бір үйдің алты баласы газға уланып ажал құша жаздады. Оқыс оқиға таңғы сағат 08:00 шамасында саяжай секторының бірінде болды. Абырой болғанда балалар аман. Орташа дәрежеде иіс тиген олар жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Жыл басынан бері еліміз бойынша өрт оқиғаларының салдарынан 300-ге жуық адам қаза тапты. Бұл - былтырғымен салыстырғанда 16%-ға көп. Жалпы, орта есеппен күніне 100-150 төтенше жағдай дерегі тіркеледі. Сондай-ақ, қайғылы оқиғалардың дені тұрғын үй секторында болатыны анықталды. Сақтық шараларын күшейту мақсатында газ инспекциялары құрыла бастады. Жұмыс топтары жылыту маусымы кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алуға атсалысады. Әрі күн-сайын тексеру жұмыстарын жүргізеді.  

Нұрболат Дербісов, ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы:

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп,  жұмысты бастап кеттік. Енді оның нәтижесі алдағы жылдарда береді деп ойлаймын. Өйткені бұрын газды тексеретін, соны түсіндіретін мамандар жоқ еді.


Хабарламаларға жазылу