Қарағанды облысының «Абай» шахтасында болған апат салдарынан қаза болған екі кеншінің артында кәмелетке толмаған екі бала қалды. Тағы 16 жастан асқан екі бала әкеден айрылды. Бұл мәліметті Абай ауданының әкімдігі таратып отыр. Ал 1990 жылғы Наиль Абдуллин жақында ғана үйленіп, еңбек демалысынан кейін жұмысқа шыққан екен. Енді олардың артында қалған жақындарына «Арселормиттал Теміртау» АҚ өкілдері өтемақысын төлеп бермек.
Оқыс оқиғадан соң Абай шахтасында көмір өндірісі тоқтатылып, комиссия тексеріс жүргізуде. Жалпы, барлық 8 көмір шахтасының өндірістік қауіпсіздігі толығымен тексеріледі.
Әлішер Әбенов, «Арселормиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры:
Балаларының оқуы бойынша: бізде 23 жасқа дейін ЖОО-да күндізгі оқу бөлімінің қаржысын төлеп беру бойынша міндеттеме бар. Ол шығынды компания өз мойнына алады. Бұдан бөлек кеншілердің несиесін де жауып береміз. Ал баспанаға келсек, қаза болған кеншілердің барлығының басында үйі болған. Сондықтан бұл сұрақ тағы да қосымша қаралады.