Түркістанда пара алған шенеунік екі айға қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда пара алған шенеунік екі айға қамауға алынды

08.11.2021

Түркістанда Инфрақұрылым және коммуникация бөлімі басшысының орынбасары пара алу кезінде ұсталды. Шенеунік кәсіпкерлердің бірінен 1,1 млн теңге алды деген күдікке ілініп отыр. Облыстық мамандандырылған Қылмыстық сотының мәліметінше, ол кәсіпкерге қолдау білдіргені үшін пара сұраған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 50 жастағы Нұрлан Жаманкөзге қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы сотқа өтініш түсірген. Тергеу жүріп жатыр. 

Әбдуәлі Қосмұратов, Облыстық мамандандырылған тергеу сотының судьясы:

Екі ай мерзімге санкция берілді. Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі бірінші тармағымен күдік келтіріліп отыр. Мамандандырылған соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Аппеляциялық шағым келтіріп отыр. Уақытша ұстау изоляторында ұстауда.


Хабарламаларға жазылу