Тағы бір аймақ «жасыл» статусқа ие болды. Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысы қауіпсіз деңгейге өтті. Ал өткен тәулікте 1031 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Науқастар көп тіркелген аймақтар қатарында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Қостанай облысы бар. Індетке шалдыққандардың жалпы саны - 950 мыңға жуықтады. Эпид ахуалды бағалау матрицасы бойынша 4 аймақ қауіпті өңір қатарында. Олар Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды облысы «сары» аймақта. Өзге облыстарда жағдай тұрақты, «жасыл» статусқа ие.