Асхана, цех: Ақтауда қос қабатты ғимаратта жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асхана, цех: Ақтауда қос қабатты ғимаратта жарылыс болды

07.11.2021
Асхана, цех: Ақтауда қос қабатты ғимаратта жарылыс болды

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, оқиға бүгін сағат 21.20-да 29 А ықшамауданында болған (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.20-да). 

Жарылыстың себептері анықталуда.

«Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді. Жарылыс себебі мен аумағы анықталып жатыр», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 5 техникасы мен 17 қызметкері, «Апаттық медицина орталығы» мекемесінің 3 қызметкері мен 1 техникасы аттанғаны хабарлануда.

Хабарламаларға жазылу