СҚО Айыртау ауданы Қарақамыс ауылы жарты ай болды, сусыз отыр. Ауылдағы жалғыз құдық істен шыққан. Құдық әкімдік балансында жоқ. Сөйтіп ауыл тұрғындары өз күштерімен жөндемекші болып, жарты миллион теңгеден көп ақша жинайды. Жаңа насос та сатып алады. Бірақ мәселе шешілмеді. Қалай, иә, бүтін бір ауылдың ауыз суына ешкім жауапты емес. Бюрократия мен бойкүйездіктің салдарын баяндайтын Оңғар Алпысбайұылының репортажы.