Астанада қажеттілігі күмән туғызатын жеңіл рельсті көлік LRT -ны бәрібір саламыз дейді, шын мәнінде «өмір жолы» деп сипаттауға болатын көпір мәселесі – елімізде өте өзекті.
Нұр-Сұлтанның өзінде жөнделіп жатқанына бірнеше жыл болған көпір бар. Нақ базарлар орналасқан аймақпен арадағы өткел. Семейдегі атақты көпірдің жағдайы туралы білеміз. Мысал жетеді. Елді-мекендердегі көпірлер проблемасы көтерілмейді де.
Ал көпірлердің тозуы, керек жерде салынбауы – адамдарды шаршатқан мәселе ғана емес. Экономикалық шығыны да орасан. Ең жаманы – көпір жоқтықтан адам өмірін арашалауға керек «алтын» уақытты жоғалтқан оқиғалар. Қайталанатыны. Тақырыпты Оңғар Алпысбайұлы зерделеп көрді.