Ұлттық жоба: Мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ға азаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық жоба: Мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ға азаяды

05.11.2021

2025 жылға қарай 418 индустриялық жоба іске асырылады. Негізгі капиталға 11 трлн теңгеден аса инвестиция тартылады. 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріліп, өнім өндіру көлемі 140 мыңнан 2 млн тоннаға дейін артады. Демек импорт азаяды. Қара алтын экспорты 9 есеге дейін өсіп, 1,4 млрд АҚШ долларына жетпек. Осылайша мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ға азаяды. Бүгін сала жетекшілері ұлттық жобаның әр бағыты бойынша түсінік берді. 3500-ден астам ауылда баспана кезегінде тұрғандар мен жұмысшыларға арнап 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандар толық жаңғыртылады.

Әсет Ерғалиев, ҚР Ұлттық экономика министрі: 
Үш ұлттық жобаны тиімді жүзеге асыру орнықты экономикалық дамуды 5%-дан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге, халықтың табысын 27%-ға арттыруға және еліміз бойынша 450 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингінде инфрақұрылым сапасы бойынша Қазақстанның ұстанымын 40-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу