Қазақстан мен Италия жасыл экономика саласында өзара тәжірибе алмасады. Римде жұмыс сапарымен жүрген Сенат төрағасы энергиялық тұрғыдан тиімді, табиғи таза технологияларды енгізуде италиялық серіктестермен ынтымақтастық орнайтынын айтты. Құқықтық базаны жетілдіру төңірегінде парламентаралық келіссөздер жүріп жатыр. Мәулен Әшімбаев Италия Парламенті Сенатының Төрағасы Мария Элизабетта Альберти-Казелаттимен кездесті. Тараптар өзара экономика, сауда, туризм мен мәдениет салалары бойынша парламентаралық байланысты нығайту мәселесін талқылады. Екі елдің Палаталары арасында тұрақты жұмыс істейтін консультация тетігін құру мәселесі де сөз болды.
Сәбит Әлдебай