Нақты айтқанда «қызыл» және «сары» түспен жүрген 24 адам оқшауланбай, қоғамдық орындарда жүрген. Короновирус жұқтырып, ауырғандармен байланыста болса да, шектеу шарасын орындамаған. Оларға 159 хаттама толтырылды. Сондай-ақ соңғы төрт күнде 15 оқушы мен 3 педагогтан вирус анықталды.
Мұхамғали Арыспаев облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:Заңбұзушылықтар бойынша департамент мамандары 150 хаттама толтырып, 6 млн 927 мың 875 теңге айыппұл салып отыр. Ресейден келетін жолаушылардан 105 жолаушы Ковид-19 анықтамасыз анықталып отыр. ПТР-тест қолдану кезінде 2 адамнан оң нәтиже көрсетті.