Сот жүйесіне жаңашылдықтар енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот жүйесіне жаңашылдықтар енгізілді

05.11.2021

Бүкіл арыз-шағымдар мен істерді сотқа тікелей жолдау дұрыс емес. Тараптар алдын-ала адвокаттармен кездесіп, дәлелдерді сараптап, істі сотқа жіберу керек пе, әлде өзара келісімге келуге бола ма дегенді анықтап алу керек. Сот жүйесі туралы заңда сотқа дейінгі хаттамаға қатысты осындай жаңашылдық енгізілді. Бұл туралы баспасөз жиынында жоғарғы соттың ресми өкілі баяндады. Жүзеге асырылатын тағы бір жоба - аумақаралық сот деп аталады. Оның аясында кез келген сот ісін бүкіл республика шеңберінде қарау көзделіп отыр. Яғни электронды жүйе белгілі істі кездейсоқ әдіспен әр өңірдегі судьяға бөледі. «Демек істер өзге аймақтарда қаралатындықтан, жемқорлық фактілері азаяды» дейді жауаптылар.

 Айдос Садуақасов,  ҚР Жоғарғы сотының ресми өкілі:

Сотта кез келген істі судьяларға төраға емес IT-жүйе кездейсоқ тәсілмен бөледі. Бұл - біздің жемқорлыққа қарсы құралымыз. Бірақ ол тек қана бір-ақ соттың ішінде айтып өткенімдей. Енді біз осы істерді еліміздегі барлық сот  арасында мамандануы бойынша бөлуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, талапкер мен жауапкер Шымкенттен болса, олардың арызы Петропавлда немесе Оралда қаралатын болады. Осылайша істерді қарау кезінде әділ шешім саны артады деп сенеміз.


Хабарламаларға жазылу