Түркіменстанда маска тақпағандар мақта мен қызылша теруге жіберіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркіменстанда маска тақпағандар мақта мен қызылша теруге жіберіледі

05.11.2021

Түркіменстанда маска тақпай, тәртіп бұзғандар мақта мен қызылша теруге жіберіледі. Кімде-кім бұл жазадан бас тартса, полицияның күш қолдануға құқы бар. Қазір Берекет пен Сердар аймақтарында бетпердесіз жүргендер, коммуналдық ақы мен алиментті төлемегендер мақта мен қызылша алқаптарына жіберіліп жатыр. Балқан аймағында да «мәжбүрлеп еңбекке тарту» мәселесі қаралуда. Осы маусымда егістің 21 пайызға жуығы жиналған.


Хабарламаларға жазылу