ДДСҰ: Еуропа қайтадан пандемия ошағына айналып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Еуропа қайтадан пандемия ошағына айналып барады

05.11.2021

Еуропа тағы пандемияның эпицентріне айналып барады. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі мәлімдеді. Оның сөзінше, эпид ахуалдың қайта нашарлауына вакциналау науқанының баяу жүргізілуі себеп. Ковид жұқтыру әсіресе Румыния, Латвия, Ұлыбритания, Ресей, Украина мен Италияда көбейіп келеді. Егер бұлай жалғаса берсе, ақпанға дейін «қарт құрлықта» жарты миллиондай адам коронавирустың құрбанына айналуы мүмкін. Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық аймағына 53 ел кіреді. Солардың қатарында Орталық Азияның бір бөлігі де бар.


Хабарламаларға жазылу