Денсаулық сақтау министрлігі мен «Аstrazeneca» меморандум жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Аstrazeneca» меморандум жасады

05.11.2021

Денсаулық сақтау министрлігі мен «AstraZeneca» компаниясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат қысқа мерзімде инновациялық препараттарға қол жеткізуге мүмкінідік ашады. Әрі ұлыбританиялық компания отандық медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға да атсалыспақ. Инфекциялық емес ауруларды басқарудың заманауи тәсілдерін үйретеді. Қант диабеті, респираторлық ауруларды емдеу тәсілдері де жетілдіріледі. Сондай-ақ, жаңа цифрлық экожүйе құру бойынша ұсыныстар әзірленеді деп жоспарлануда. Тараптар 2025 жылға қарай азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттырмақ ниетте.


Хабарламаларға жазылу