Жезқазғандағы орталық ауруханада өрт шығып, салдарынан 60 жастағы науқас қайтыс болды. Алдымен емдеу мекемесінің төртінші қабатындағы палата отқа ораған. Өрттің жалпы аумағы - 10 шаршы метр. Құтқарушылар оқиға орнынан 1961 жылғы ер адамның денесін тапты. Қазір өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр. Ал аурухана штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Полиция бұл жайт бойынша іс қозғады.