Нұр-Сұлтанда соңғы екі аптада жүргізуші куәлігін алуға келген 2160 азаматтың 30 ғана сынақтан сүрінбей өтті. Бұл жайында цифрлық даму , инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді. Ол бұған дейін қарапайым клиент ретінде жүргізуші куәлігін алуға барып, біраз заңсыздықтарға тап болған. Яғни, емтихансыз куәлік алған. Мұндай жағдай басқа аймақтарда да анықталды. Тексерістен кейін куәлік алу үшін емтиханды сәтті тапсырғандар саны азайған. Енді, теориялық емтиханды тапсыру кезінде тұлғаны арнайы биометриялық тану жүйесі енгізілмек.