Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онлайн режимдегі жиынға мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев төрағалық етті. Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға тілек білдірген адамдардың өтініші қаралды. Енді комиссия Мемлекет басшысының қарауына жақын және алыс шет елдерден келген түрлі ұлттардың 844 өкілін еліміздің азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізеді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтығынан шығу туралы 42 адамның өтінішін қанағаттандыруды ұсынбақ.
Нысаналы Ығыл