Әлемдік сауда-саттықта мұнайдың бағасы төмендеді. Brent бүгін 81 доллардан саудаланды. Шикізаттың арзандауы ұлттық валюта бағамына әсер етті. Теңгенің долларға шаққанда құны әлсіреді. KASE-де доллар 429 теңге 33 тиынға теңесті. Ақша айырбастау орындарында шетел валютасы 430 теңгеден сатылды. Еуро 497, рубль 5 теңге 98 тиын.