Мемлекет басшысы өңірлерде алыпсатарлық жүйелерді тергеу үшін құрылған комиссия жұмысын сынға алды. Бұл бағыттағы шаруаның нәтижесін ешкім көрмей жатыр деді Президент. Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 10,4 пайызға қымбаттады. 9 айда инфляцияның жалпы өсімі 9 пайызға жуықтады. «Бұл жедел әрекет етуді талап ететін мәселе» деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өткен жиын барысында. Президент Үкіметке инфляцияны 8,5 пайыз шегінде сақтауды тапсырды.
Берік Көшербай