Кабул жұртын «Даиш» террористік тобының көтерілуі алаңдатып отыр. «Егер тәліптер «Даишты» тоқтатпаса, ол әрі қарай күшейіп, әркімге қатер төндіруі мүмкін», дейді Ауғанстан астанасының тұрғыны Шамсуддин Насири.
Айта кетсек, «Талибан» қозғалысы тамызда билікке келгелі, Ауғанстанда қауіпсіздік орнаттық деп мәлімдеп келеді. Алайда Кабулде сейсенбі күні болған жойқын жарылыстан кемінде 25 адам қаза тауып, 50-ден астамы жараланды. Бұл шабуылды да «Даиш» өз мойнына алған.