Швейцарияда Футзалдан Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Осылайша «Қайраттың» элиталық кезеңдегі қарсыластары белгілі болды. Алматылық клуб А тобында сынға түседі. Қарсыластары - ресейлік «Тюмень», франциялық «Аньер Вильнев» және белоруссиялық «ВитЭн» командалары. Еске салсақ, «Тюменьмен» негізгі кезеңде алматылықтар 3:3 есебімен тең тарқасты.
Ал Аньер Вильнев болса, турнир дебютанттары «Атырау» футзал клубымен бір топта ойнаған. Элиталық кезең 1-4 желтоқсан аралығында Тюмень қаласында өтеді. Әр топтың жеңіпаздары финалдық кезеңге жолдама алып, сәуір айының соңында бас жүлдені сарапқа салады.