Орта мектептерде экология пәні таңдау курсы ретінде оқу бағдарламасына енгізілді. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына сай жұртшылықтың экобілімі мен мәдениетін арттыру көзделген. Сондықтан экологиялық ағарту орталықтары мен экостанциялар және үйірмелер құру маңызды. Ал жоғарғы оқу орындары бұл бағдарламамен түгел қамтылуы тиіс. Орта мектептерге арналған әдістемелік құралдар мен бағдарламаны әзірлеуге атсалысқан ұлттық білім академиясының мамандары бұл бастама экологиялық сауаттылықтың артуына сеп болады дейді.
Сейфолла Смаилов, Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері:
Ол ең алдымен әр адамның, әр тұлғаның экологиялық сана сезімінен басталуы керек. Қазақстан азаматы экологиялық тұрғыдан мәдениетті болуы керек. Сондықтан да Қазақстанда іске асырылып жатқан білім беру стандарттары, әр білім беру ұйымдарындағы пән қарастырылуы керек.