Климаттық саммитте 190 мемлекет көмірден бас тартуға уәде берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Климаттық саммитте 190 мемлекет көмірден бас тартуға уәде берді

04.11.2021

Глазгодағы Климаттық Саммитте Польша, Вьетнам мен Чили тәрізді көмірді көп тұтынатын елдер шикізаттан бас тартатынын мәлімдеді. Осылай деп уәде бергендердің қатарында жалпы 190 мемлекет пен ұйым бар. Алайда тиісті құжатқа 40-тан астамы ғана қол қойған. Олардың арасында көмірге тәуелді Австралия, Қытай мен АҚШ секілді ірі елдер жоқ. Ал көмірден бас тарту шешімін құжат жүзінде бекіткендер қатты отынның энергиясын өндіруге инвестиция құюды тоқтататынын мәлімдеді. «Рейтердің» мәліметінше, 2019 жылы әлем электр энергиясының 37 пайызын көмірден алған.


Хабарламаларға жазылу