Ресейде ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты

04.11.2021

Ресейдің Иркутск облысында жүк ұшағы апатқа ұшырап, оның бортында болған 9 адамның барлығы қаза тапты. Әуе көлігі Беларусьтің «Гродно» компаниясына тиесілі. Ұшақта болғандардың екеуі - Ресей, екеуі - Украина, қалған үшеуі - беларусь азаматы. Әуе көлігі Иркутск әуежайына екінші қайтара қонбақ болған кезде құлаған. Апат орнында бірден өрт тұтанып, ол лезде сөндірілді. Ұшақтың құлауына пилоттың қатесі, ауа райының қолайсыздығы немесе техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Ал әуежай өкілдерінің сөзінше, төтенше жағдай кезінде қалың қар жауып, көру мүмкіндігі шектеулі болған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 


Хабарламаларға жазылу