Ақтауда тұрғын үй құрылысы 2 жылдан бері аяқталар емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда тұрғын үй құрылысы 2 жылдан бері аяқталар емес

03.11.2021

Ақтауда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен бой көтерген 670 пәтерлі үйге тұрғындар 2 жылдан бері қоныстана алмай отыр. Себебі, бюджеттен қаржы толық бөлінбей, құрылыс жұмыстары аяқталмай қалған. «Аққу-3» тұрғын үй кешені 2019-жылдың соңында тапсырылуы тиіс болатын. Бірақ, әлі күнге дейін ішкі әрлеу жұмыстары біткен жоқ. Ал, тұрғындар болса, ипотекалық несиені төлеп жатыр.

Қалалық әкімдіктегілер болса, тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып,нысанды қабылдап алғандарын жеткізді. Қазір кезекте тұрғандарға пәтер берілуде. Бітпей тұрған тек 30 шақты пәтердің ішкі әрлеу жұмыстары, дейді жауаптылар.


Хабарламаларға жазылу