БҚО-да жолды күтіп ұстамаған мекемеге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да жолды күтіп ұстамаған мекемеге айыппұл салынды

03.11.2021

Батыс Қазақстанда жолды күтіп ұстамағаны үшін «ҚазақАвтожол» мекемесіне 1 млн 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Көлік жүргізушілері көктем мен күзде батпаққа батса, қыста тасжол қардан аршылмай жатады. Соған сай мекемеге түрлі органдардан 40 шақты арыз түскен. Биыл бұл жағдай қайталанбас үшін құм-тұз, жанармай сатып алынған. Бірақ техника ескірген әрі маман тапшы дейді жауаптылар.

Аңсар Рахматуллин,  «Қазақавтожол»  ЖШС облыстық филиалының бас инженері:

Былтырғы қыс бізге көп сынға кеп тіреді. Қар аралас жаңбыр жауды. Одан ауа температурасы төмендеп, қатып қалды жолда, көп мәселелер туындады. Енді биыл ондай жағдай болмас үшін техникаларды көбейтіп жатырмыз. Қазіргі таңда көп мамандар жетіспейді.


Хабарламаларға жазылу