Ауғанстанда шетел валютасын қолдануға толық тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда шетел валютасын қолдануға толық тыйым салынды

03.11.2021

«Талибан» Ауғанстанда шетел валютасын қолдануға толық тыйым салды. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр. Кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл қадам халықаралық көмектен айрылған елдің экономикасын тіпті құлдыратуы мүмкін. «Халық әрбір саудада ауған ақшасымен есеп айырысуы керек, ұлттық мүдде осыны талап етеді». Тәліптер үкіметі таратқан мәлімдемеде осылай деп жазылған. Айта кетсек, Ауғанстанның базарларында АҚШ доллары, ал шекаралас аудандарда көрші елдердің ақшасы жиі қолданылады. 


Хабарламаларға жазылу