Бірнеше өңірде екпе егу қарқыны төмендеген
Қазақстанның кей өңірлерінде екпе егу қарқыны төмендеген. Бұл эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп жақсаруына байланысты. Десе де арқаны кеңге салуға әлі ерте. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов екпе қарқыны төмендеген бірқатар өңірді атап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ премьер министрдің орынбасары вакцинациялау кезеңінде басымдық беретін тізімді атады. Ол қатарда 12 жастан асқан балалар, жүкті әйелдер мен емізулі сәбиі бар аналар бар.
Ералы Тоғжановтың сөзінше қазір АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Израйль, Белгия, Индия, Біріккен араб әмірліктерінде балалар мен жүкті әйелдерге, аналарға осы файзер екпесі салынып жатыр. Вакцина өндірісі шектеулі болғандықтан шығарушы елдің үкіметімен келіссөз жүргізу керек. Сондықтан жеке емханалардың сатып алуына әзірге мүмкіндік жоқ. Екпемен жеткілікті деңгейде қамту мәселесі апта сайын үкімет пен ведомствааралық комиссия отырысында қаралуда. Жалпы елде тіркелген алты екпенің үшеуі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мойындалған. Қазіргі уақытта халыққа Спутник V, QazVac и Sinopharm екпелері салынуда. Қараша айында Pfizer вакцинасының 4 млн дозасы елге жеткізілмек. Ол 2 млн адамды екпемен қамтуға жетеді.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да ғылым мен тәжірибенің арқасында сүт өнімі артып келеді
11.09.2025, 18:40

Елена Рыбакина жас теннисшілермен кездесті
11.09.2025, 17:51
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған спорт секциялары көбейеді
11.09.2025, 17:48
Дзюдодан Азия кубогында Қазақстан құрамасы 4 медаль алды
11.09.2025, 17:45
ӘЧ: Алты боксшы келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 17:42
Қарағанды облысында «Жауынгерлік достастық – 2025» тактикалық оқу-жаттығуы қорытындыланды
11.09.2025, 17:39
Маңғыстау облысында қоқысты заңсыз төккендер жазаланды
11.09.2025, 17:36
Таразда «Тектұрмас» тарихи-этномәдени кешені аумағын тазартты
11.09.2025, 17:33