Биыл 15 қаржы пирамидасы жабылып, зардап шеккендерге 2,3 млрд теңге қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 15 қаржы пирамидасы жабылып, зардап шеккендерге 2,3 млрд теңге қайтарылды

02.11.2021

Биыл 15 қаржы пирамидасы жабылып, зардап шеккендерге 2,3 млрд теңге қайтарылды. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес те күшейтілді. Қазір сотқа дейінгі 490 іс қозғалды. Оның 28-і жалған шот-фактура жазу мен қолма-қол ақшаға айналдыру үшін ұйымдасқан қылмыстық топ құру дерегіне байланысты. Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Мемлекет басшысына осылай деп баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық жолмен түскен табыстарды жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды оң бағалады. Президент жауапты органдармен бірлесе жұмысты жандандыруды әрі азаматтарды қаржы пирамидаларына тартуға жол бермеу шараларын қабылдауды тапсырды.   

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу