Мерзімді қызметтегі сарбаздар экономиканың нақты секторындағы сұранысқа ие мамандықтарды меңгереді. Сондай-ақ Әскери доктрина қайта қаралып жатыр. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Қорғаныс министрі айтты. Мұрат Бектанов мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамту және әскердің 2030 жылға дейінгі құрылымын қалыптастыру бойынша құжаттарға қатысты жұмыстардың аяқталғанын жеткізді. Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын таныстырды.
Бұл шетелден қару-жарақ пен техника сатып алуға ғана емес, отандық қару-жарақ үлгілерін әзірлеуге, инфрақұрылымды жетілдіруге, әскерді цифрландыруға байланысты міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Нысаналы Ығыл