Павлодар облысында «Зымыран – 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу шарасын облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды. Оған өңірдегі 10 аудан мен үш қаладан жасақталған «Қызыл Ай» қоғамының еріктілері қатысты. Оқу-жаттығуға «Шеврон» компаниясы және Орталық Азиядағы «Еуразия» қоры ұсынған арнайы бағдарлама бойынша республикалық «Қызыл Ай» қоғамы катысты.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран бөлшектері Железинка ауданы аумағына құлайды. Іле құтқарушылар келіп, апат зардабын залалсыздандыруға кіріседі. Тұрғындарды көшіреді, гептилді детоксикациялайды, бүлінген жер учаскелерін тегістейді. Осындай жоспармен өткен оқу -жаттығуға биыл алғаш рет «Қауіпсіз өмір» бағдарламасы бойынша дайындалған еріктілер қатысты. Бұл еріктілер тобын «Қолда-3» әлеуметтік жобасы аясында «Шеврон» компаниясы мен «Евразия» қоры жер-жерде оқытқан.
Гүлнар Исақанова, облыстық «Қызыл Ай» қоғамының төрайымы:
Еріктілер алдағы уақытта алғашқы көмекті үйренеді, өзін-өзі қалай сақтауды үйренеді. Әкімшілікке, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне апат болған кезде көмек көрсетеді. Оқу-жаттығуды катысып жатқан жедел топқа демеу болып жатқан «Шеврон» компаниясы мен Орталық Азияның «Еуразия» қоры.
Шараның Железинка ауданында өткізілуі кездейсоқ емес. Бұл - Ресеймен шекаралас аудан. Және зымыранның ұшу траекториясы осы аумақты қамтиды.
Баулыбай Аужанов, Железинка ауданы әкімінің орынбасары:
Аудан бойынша зымыран қалдықтары құлауы мүмкін 6 елдімекен анықталды. Апат бола қалған жағдайда оларға 14 азаматтық қорғау қызметі көмек көрсетеді. Сондықтан алдын-ала оқу-жаттығу өткізу - өте қажет.
Еліміздегі ірі компаниялардың төтенше жағдайлардың алдын-алуға әзірлігі сонымен қатар Азаматтық қорғаныс бағдарламасын қаржыландыруы құптарлық іс дейді мамандар.
Болат Аманбаев