Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі 2,6 есе өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі 2,6 есе өскен

02.11.2021

Ақмола облысында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі соңғы 5 жылда екі жарым есе артты. Алайда, өңірдің әлеуеті әлдеқайда мол, сондықтан шығынды азайтып, табысты көбейтуге мүмкіндік жетеді. Ол үшін мемлекеттік қолдау қажет - дейді шаруалар.

Егін салған диқандар еңбек өнімділігін көбейту үшін алдымен техниканы жаңарту қажет дейді. Қазір облыстағы ауыл шаруашылық техникаларының жартысы әбден ескірген. Тек биыл ғана өңірге 

Александр ГладунҢ "Атамекен-агро" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

Қазір бізде бір егін егу кешенінің жүктемесі 6 мың гектар, комбайнда 3 жарым мың гектар. Ал 2-3 жыл бұрын бұл көрсеткіш шамамен 1,5-2 есе аз болған. Жаңа техникалардың қуаты мықты болғандықтан, санын азайттық. Демек, шығын да кеміді, ал өнімділік артты. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға ниеттіміз.

Ал мал шаруашылығында еңбек өнімділігін өсірудің бірден бір жол асыл тұқымды төрт түлікті көбейту. Ол үшін субсидия алу қол жетімді, әрі тұрақты болса екен, - дейді шаруалар. Жаңадан қабылданған ұлттық жобаға үміт көп.

Табылды Тезекбаев, Ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы:

Ережелері жиі-жиі өзгеріп кетеді. Субсидия төлейтін жаңағы сол бұқаға жеңілдік жасайды үкімет, сол субсидиясын біз ала алмаймыз, қол жеткізе алмаймыз. Бәрімізді бірдей қылса. Үлкен жобаларға қандай қолдау көрсетіп отыр, біздің ауыл шаруашылық шаруа қожалықтарына осындай көмек болса, сусбидия болса.

Облыста ет өнідіретін 112, сүт бағытында 19 тауарлы шаруашылық ашылмақ. Қожалықтарды ірілендіруге басымдық беріледі. Кооперативтерді ашу да тоқтап қалмақ емес.

Мұрат Іргебаев, Ақмола облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

Ұлттық жоба аясында жер қатынастары, ветеринария салаларындағы заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылған. Субсидия беру ережелерінің жиі ауыспауы да қамтылмақ. Бұл нәтижесінде еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Тағы бір фактор ол инфестициялық жобалар. Облыста қазір 35 миллиард теңгенің 46 жобасы іске асуда.

Ақмола облысында былтыр ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда 3,1 миллион теңгеден келді. Саладағы орташа жалақы 170 мың теңгенің шамасында. Бұл өзге өңірлерге қарағанда жоғары көрсеткіш, бірақ мұнай-газ, энергетика және құрылыс салаларымен салыстырғанда әлдеқайда аз.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу