Халық санағы аясында нақтылау шаралары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық санағы аясында нақтылау шаралары басталды

02.11.2021

Халық санағы аясында нақтылау шаралары басталды. Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, шара 8 қарашаға дейін жалғасады. Елімізде 19 450 179 адам санақтан өткен. Енді халықтың толық есепке алынғандығы және деректер сапасы тексеріледі. Шара әрбір тұрғын үйге интервьюер барғанына және санақ парақтарын барлық респонденттер толтырылғанына көз жеткізу үшін керек.

Еске салайық, халық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйекте басталған. Басында тек онлайн-санақ жүргізілген. Ал бір айдан кейін статистика мамандары қосымша үй-үйді аралап, санақ парақтарын толтырды. Айта өтейік, мамандар тұрғылықты тұрғындармен қатар, уақытша келгендер, резидент емес тұлғаларды, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындарды да есепке алып жатыр.


Хабарламаларға жазылу