Екібастұзда жол апаты болып, 14 жастағы ұл бала ауруханаға түсті. Оның бас сүйегі жарақаттанған. Қазір ес-түссіз жансақтау бөлімінде жатыр. Полицияның мәліметіне қарағанда, оқиға кешкілік уақытта болған.
Жасөспірім жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен жолды кесіп өтуге оқталған. Сол кезде ВАЗ-2104 көлігі жүйткіп келіп, соққан. Жүргізушінін жасы - 23-те. Қазір тексеру жүріп жатыр.