Белградта өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белградта өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетуде

01.11.2021

Белградта өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетті. 57 келі салмақ дәрежесінде шыққан отандасымыз Серік Теміржанов үндістандық Рохит Мордан басым түсіп, ширек финалға жолдама алды. Ал, 67 келі салмақ дәріжесіндегі польшалық Дамиан Дукашпен жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов те айқын басымдықпен жеңіске жетті. Сонымен қатар 75 келі салмақта Нұрқанат Райыс босқындар құрамасының мүшесі Сүлейман Асламиді жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Бүгінгі кешкі сессияда жарыс жолына тағы үш боксшымыз шығады. Барлық жекпе-жектерді «QAZSPORT» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу