Теңгенің долларға шаққандағы құны әлсіреді. Қазақстан қор биржасында Америка ақшасы 427 теңге 81 тиынға теңесті. Еуро 495, рубль 6 теңге. Қара алтын құны 0,23%-ке арзандады. Brent маркалы мұнай шамамен 84 доллар, WTI мұнайы 83 доллардан саудаланды. PWC сапаршылары шикізат құны 60 доллардан төмен түспейді деп болжайды. Енді бір жылда мұнай бағасы 60-77 доллар аралығында құбылатынын жазды.
Ақерке Бектас