Желтоқсаннан бастап бөтелкедегі минералды су таңбаланады. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Ресейдің бастамасымен одаққа мүше елдерде біртіндеп таңбалау енгізу туралы шешім қабылдады. Газдалған және газдалмаған табиғи минералды ауыз суға желтоқсаннан, ал қалған сусындарға келер жылы наурыздан бастап міндетті таңбалау қойылады. Ресейде былтырдан бері ауыз суды таңбалау сынақ түрінде жүргізілген. Уақытша бақылау көрші елде биыл сәуірге дейін жалғасты.
Ақерке Бектас