Анкарада түркі дүниесіне танымал ақын жазушылар, мәдениет қайраткерлері және бірқатар өнерпаздар марапатталды. Түркі тектес елдердің мәдени-гуманитарлық саласына қосқан үлестері үшін оларға Анкараның өнер қауымдастығы сый-сияпат тапсырды.
Қазақстан атынан биылғы марапатқа жас дизайнер Мәриям Езиева лайық деп танылды. Шара барысында ұлттық билер биленіп, ақындар жиылған қауым алдында өлеңдерін оқып, шағын концерт қойылды.
Соңынан марапатқа ие болған өнерпаздардың туындылары таныстырылған жәрмеңке де ұйымдастырылды. Біздің жерлесіміздің түркиялық технологиямен жасалған шағын мүсіндеріне көпшілік қызығушылық танытты.
Мәриям Езиева, дизайнер:
Біздің бабаларымыздан қалған қазына десек болады, таңбадағы таспаларды жасадым. Түркияда болғандықтан, Рома императорлығында жасалған «алты капылар» дейтін үлкен бір қала жасалған. Соны жасадым.
Бақытжан ОМАРОВ