Алты жыл бұрын Францияда өткен жиында мемлекеттер климаттың өзгеруімен бірлесе күресуге уағдаласқан болатын. Бүгіннен бастап саммитке қатысушылар Париж келісімінің алғашқы нәтижелерімен бөліспек. Еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық делегацияны бастап барды. Пленарлық сессиядан бөлек әлем елдерінің көрмелері ұйымдастырылады. Климаттың өзгеруіне қатысты түйінді түйткілі көп Орталық Азия елдері бір көрмеде бірігіп, аймақтағы жаһандық жылыну мәселелерін талқылайды.
Жанна Шаяхметова, «Аstana times» интернет-басылымының тілшісі:
Мен БҰҰ-ның Қазақстандағы кеңсесі ұйымдастырған журналистер арасындағы байқауда осы шараға қатысу мүмкіндігін жеңіп алдым. Саммитке қатысып, бәрін өз көзіммен көріп, пікірімді білдіргім келеді. Тәжірибе жинақтап, Қазақстанға барған соң өзге елдердің экобелсенділері туралы жазуды жоспарлап отырмын.