Атмосферадағы улы газ мөлшері рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы Шотландияның Глазгосында өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттық саммитінде айтылды. Осынша ластану кесірінен соңғы 7 жыл тарихтағы ең жылы кезең ретінде тіркелген. Пандемия кезінде ауадағы көмірқышқыл газы, метан және азот оксидінің мөлшері азаймай, керісінше ұлғая түскен. Бұған қоса, 2013 жылдан бері теңіз деңгейінің көтерілуі жылдамдап, мұхиттар суындағы қышқыл да артып отыр.