Медициналық мекемелер «Pfizer» вакцинасын сақтауға арналған мұздатқыштармен қамтамасыз етіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медициналық мекемелер «Pfizer» вакцинасын сақтауға арналған мұздатқыштармен қамтамасыз етіле бастады

31.10.2021

Еліміздің медициналық мекемелері «Pfizer» вакцинасын сақтауға арналған мұздатқыштармен қамтамасыз етіле бастады. 

Қарағанды облысында «Pfizer» препараттарын сақтайтын негізгі қоймада сыйымдылығы 500 литрлік камералардың 4-еуі тұр. Жаңадан сатып алынған 97 мұздатқыштың 43-і медициналық мекемелердің ішіне қойылады. Әрбірінің сыйымдылығы 100 литр. «Pfizer» перпараты үшін қажетті -86 градусқа дейін мұздатады. Ал 54-і кішігірім контейнерлер. Сондай-ақ, сымтетігін көліктегі электр көзіне жалғау арқылы жұмыс істей береді. Бұл шалғай ауылдарға екпені бүлдірмей жеткізуге мүмкіндік береді. Жаңадан алынған мұздатқыштар мен контейнерлер облыс орталығы мен оған қарасты қала, аудандардағы медициналық мекемелерге үлестірілді.

Covid-19 коронавирусы мен коронавирустық пневмония бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі ақпарына келсек, тестпен расталғандардың саны 1660, 19 адам қайтыс болған, 599 адамның жағдайы ауыр, 152 адамның жағдайы өте ауыр. 99 адам өкпені желдететін аппаратқа қосылған. Вакциналауға келсек, екпенің екі дозасын да 7 491 227 адам салдырған.

Хабарламаларға жазылу